✨ ✨ Начальная декада прошла успешно! ✨

24.10.2026

🍂✨ Бастауыш онкүндігі сәтті аяқталды! ✨🍂
Мектебімізде өткен бастауыш сыныптардың пәндік онкүндігі өзінің мәресіне жетіп, салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Бұл күндер бүлдіршіндеріміз үшін жаңа білім, жарқын эмоциялар мен шығармашылыққа толы ұмытылмас сәттер сыйлады! 🌟
🎨 Салтанатты шара барысында:
🍁 Алтын күздің ерекше бейнесін сомдап, өз қолдарынан ғажайып қолөнер бұйымдарын жасаған жас дарындарымыз жоғары бағаланды.
🏆 Онкүндік бойы белсенділік танытып, түрлі сайыстар мен ашық сабақтарда озық шыққан оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Балаларымыздың бойындағы талап пен талпыныс қуантады! 👏 Жарайсыңдар, біздің кішкентай жеңімпаздарымыз! Алда бұдан да үлкен белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспіз! 🚀

 

 

 

 

 

Просмотров: 1


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу