25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ «РЕСПУБЛИКАМ — МАҚТАНЫШЫМ!»

23.10.2026

САЗДЫБҰЛАҚ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ
 

25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ
КІТАП КӨРМЕСІ
«РЕСПУБЛИКАМ — МАҚТАНЫШЫМ!»
 

Көрменің мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және елжандылыққа тәрбиелеу.

КӨРМЕ БӨЛІМДЕРІ
1. «Тәуелсіз Қазақстан»
Қазақстан тарихы, тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен жетістіктері туралы кітаптар.
2. «Менің Отаным — Қазақстан»
Туған жер, Отан туралы өлеңдер жинағы, Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті жайлы әдебиеттер.
3. «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз»
Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы кітаптар мен ақпараттық материалдар.
4. «25 қазан — Республика күні»
Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы мәліметтер, еліміздің дамуы мен болашағына арналған басылымдар.
ОТАНЫМ — ҚАЗАҚСТАН!
25 қазан — Республика күні! Бұл мереке еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамдарын айқындайды. Отан — әр адамның жүрегіне жақын, қасиетті ұғым. Туған жерімізді сүю, тарихымызды білу, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті. Кітап — ел тарихын танытатын, ұрпаққа білім мен тәрбие беретін рухани қазына. Еліміздің тарихын оқып, мәдениетін танып, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосайық!

Кітапханашы: Козыбек Ж.

 

 

Просмотров: 3


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу