«Бала өмірі – баға жетпес құндылық!»
21.10.2026
«Бала өмірі – баға жетпес құндылық!»
📌 Ата-аналар жиналысы
Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Саздыбұлақ ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ-де оқушылар арасында суицидтің алдын алу, психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Бала өмірі – баға жетпес құндылық!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында жасөспірімдердің психологиялық және эмоционалдық жағдайы, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
Ата-аналарға баланың көңіл күйіндегі өзгерістерге назар аудару, қиын жағдайда қолдау көрсету, ашық әңгімелесу және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, суицидтің алдын алу, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру.
💚 Әр баланың өмірі қымбат! Балаға мейірім, түсіністік пен қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз!

#СуицидтіңАлдынАлу #БалаҚауіпсіздігі #АтаАналарЖиналысы #БалаӨміріҚұндылық #СаздыбұлақМектебі