Орыс тілі пәнінен ашық сабақ
21.10.2026
2026 жылғы 20 қазан күні Саздыбұлақ ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Нужно говорить правду» («Шындықты айту керек»).
Сабақтың мақсаты: оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын дамыту, өз ойларын ашық жеткізуге және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.



Просмотров: 14